Ақтөбе ауылдық округі Көгерту ауылындағы көшеге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе ауылдық округі Көгерту ауылындағы көшеге атау беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Ақтөбе ауылдық округі Көгерту ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ақтөбе ауылдық округі Көгерту ауылындағы атауы жоқ көшеге «Ынтымақ» атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.