Жібек жолы ауылында көше атын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Жібек жолы ауылында көше атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Жібек жолы ауылының «Интернационал» көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жібек жолы ауылдық округі Жібек жолы ауылындағы «Интернационал» көшесінің аты «Достық» атауына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Сейтжапбаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.