О материальном поощрении спортсменов, тренеров и физкультурников Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене тәрбиесімен шұғылданушыларды материалдық ынталандыру туралы «Дене тәрбиесі және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10-шы тамыздағы 1126 қаулысына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысында, Қазақстан Республикасында, халықаралық жарыстарда аса үздік спорттық нәтижелер көрсеткен спортшыларды, жаттықтырушыларды материалдық ынталандыру мөлшері бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қостанай облысының қаржы департаменті осы шешімнің қосымшасында анықталған мөлшерде спортшыларды, бапкерлерді материалдық ынталандыруды қаржыландыруды облыстық дене тәрбиесі және спорт комитетінің бюджетіндегі шығыс сметасында қаралған қаржы есебінен қарастырсын.
Тармақ 3
3. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер басшыларына дене тәрбиесімен, спортпен жүйелі шұғылданушыларды материалдық ынталандыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Спортшыларды, бапкерлерді және дене тәрбиесімен шұғылданушыларды материалдық ынталандыру туралы» Қостанай облысы әкімінің 1997 жылғы 17 желтоқсандағы 203 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 5
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 17 қаңтардағы № 9 шешіміне қосымша Рет № Алатын орны Спортшыны материалдық ынталандыру Жаттықтырушыны материалдық ынталандыру І. Олимпиадалық ойындар 1 I орын 1000,0 мың теңге Спортшыны материалдық ынталандырудың 50 проценті 2 II орын 900,0 мың теңге 3 III орын 800,0 мың теңге 4 IV орын 600,0 мың теңге 5 V орын 400,0 мың теңге 6 VI орын 300,0 мың теңге 7 VII орын 200,0 мың теңге 8 VIII орын 150,0 мың теңге 9 IX орын 100,0 мың теңге 10 X орын 50,0 мың теңге ІІ. Әлем чемпионаты 1 I орын 400,0 мың теңге Спортшыны материалдық ынталандырудың 40 проценті 2 II орын 300,0 мың теңге 3 III орын 200,0 мың теңге 4 IV орын 150,0 мың теңге 5 V орын 100,0 мың теңге 6 VI орын 50,0 мың теңге ІІІ. Азия чемпионаты 1 I орын 200,0 мың теңге Спортшыны материалдық ынталандырудың 35 проценті 2 II орын 150,0 мың теңге 3 III орын 100,0 мың теңге 4 IV орын 50,0 мың теңге 5 V орын 40,0 мың теңге 6 VI орын 30,0 мың теңге IV. Орталық Азия ойындары 1 I орын 45,0 мың теңге Спортшыны материалдық ынталандырудың 30 проценті 2 II орын 30,0 мың теңге 3 III орын 20,5 мың теңге V. Қазақстан Республикасының чемпионаты 1 I орын 10,0 мың теңге Спортшыны материалдық ынталандырудың 25 проценті 2 II орын 8,0 мың теңге 3 III орын 5,0 мың теңге VI. Облыстық «Бұрқасын» және «Целина» 1 I орын 3,0 мың теңге Спортшыны материалдық ынталандырудың 20 проценті 2 II орын 2,0 мың теңге 3 III орын 1,0 мың теңге