Положение "О постах весового контроля транспортных средств на автомобильных дорогах Республики Казахстан" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарында көлік құралдарының салмағын бақылау бекеттері туралы ЕРЕЖЕ 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 05.11.2004 № 399-І бұйрығымен. -----------Үзінді-------------- Ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік департаментінің директоры 1997 жылғы 25 желтоқсанда бекіткен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 22 ақпанда N 466 нөмірмен тіркелген "Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарында көлік құралдарының салмағын бақылау бекеттері туралы" ереженің күші жойылды деп танылсын... ________________________________
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы" N 316 , 26.04.95 ж. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" N 557 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Жол қоры туралы" Жарлығын жүзеге асыру туралы" N 221 қаулыларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар Министрлігінің 1995 жылғы 30 мамырдағы "Қазақстан Республикасының аумағында ауыр салмақты және үлкен көлемді көлік құралдарының жүру төлемі туралы" бірлескен N 03-13/913, N 1489 шешіміне және жол жүру Ережесіне сәйкес әзірленді.
Тармақ 1.2
1.2. Қазақстан Республикасында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жүйесін сақтау және автомобиль жолдарында автомобиль көлігінің жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автомобиль жолдары облыстық қазыналық кәсіпорындары құрамында бұлардың құрамына кіретін салмақ бақылау бекеттері (СББ) құрылады.
Тармақ 1.3
1.3. СББ өз жұмысында мемлекетаралық келісімдерді, Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін және басқа нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің бұйрықтары мен өкімдерін, облыстық Қазыналық кәсіпорындардың бұйрықтары мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 1.4
1.4. Қазыналық кәсіпорын СББ-ны оперативтік басқару ісін тапсырма-шартқа сәйкес басқа ұжымдарға беруге құқылы.
Тармақ 1.5
1.5. СББ-ны ұстауына жұмсалатын шығын, смета негізіндегі есеп бойынша Қазыналық кәсіпорын белгілейді, ол бекет жұмысының тиімділігіне сәйкес реттеліп отырады.
Тарау 2. 2. СББ-ның міндеті мен қызметі
2. СББ-ның міндеті мен қызметі
Тармақ 2.1
2.1. СББ-ның негізгі міндеті - ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарын өткізуді бақылауға алу арқылы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жүйесі мен олардағы құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету және жол жүру қауіпсіздігін арттыру.
Тармақ 2.2
2.2. СББ негізгі міндетінің шешілуін қамтамасыз ету үшін көлік құралдарының салмағы мен көлем өлшемдерін ұдайы бақылауға алады, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен жүк тасымалдайтын үлкен көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының, соның ішінде шетелдік көлік құралдарының "Арнайы рұқсаты" болуын қадағалайды, жүрісті уақытша шектеу кезеңінде бақылау күшейтіледі.
Тармақ 2.3
2.3. СББ міндеттеріне сәйкес мыналарды іске асырады:
Тармақ 2.3.1
2.3.1. Көлік құралдарының салмақ пен көлем өлшемдерін құрылғылар көмегімен тексереді, сондай-ақ СББ-ның қарамағындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары учаскесінде жол қозғалысы қарқынын бағалайды;
Тармақ 2.3.2
2.3.2. Үлкен көлемді және ауыр салмақты жүк тасымалдауға "Арнаулы рұқсаттың" бар-жоғын тексереді тәртіп бұзушыларға жауапкершілік жүктейді, нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес үлкен көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарын өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақ 2.3.3
2.3.3. Жабдықтардың сақталуын, оның техникалық дұрыс күтілуін қадағалайды;
Тармақ 2.3.4
2.3.4. СББ-ның әрекет ету аймағында техникалық қауіпсіздігі, экологиялық және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, санитарлық-гигиеналық норманы және т.б. талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақ 2.3.5
2.3.5. Көлік құралдарының салмағы мен көлемді өлшемдерін құрылғы көмегімен қозғалысының қарқынын есепке алуды жабдықтап бақылаудың және жолда жүру қарқыны есебін шығарудың озық тәсілдері қолданылуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақ 2.3.6
2.3.6. Өз қарамағындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары учаскесінде көлік құралдарының салмағы мен көлемді өлшемдері және жол қозғалысы қарқыны жөніндегі статистикалық мәліметтердің жинақталуын ұйымдастырады;
Тармақ 2.3.7
2.3.7. Жинақталған мәліметтерді белгіленген нысандағы есеп құжаттары түрінде облыстық қазыналық автомобиль жолдары кәсіпорнына талдау және сақтау үшін өткізеді;
Тармақ 2.3.8
2.3.8. СББ-ның қызметін ұйымдық-технологиялық және қаржымен қамтамасыз ету жағынан ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарын әзірлейді. СББ қызметін қаржыландыру тетігін, жетілдіру, СББ-ның іс-әрекеті аумағында перспективалық даму және сервистік қызмет көрсетуді дамыту жөніндегі ұсыныстарын енгізеді;
Тармақ 2.3.9
2.3.9. СББ-ның құзырына енетін мәселелер бойынша талдау материалдарын, баяндамалар есептерді дайындайды.
Тарау 3. 3. СББ-ның жұмыс тәртібі
3. СББ-ның жұмыс тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Тұрақты СББ бекеттері жүк жинақтау нүктесінде, автомобиль жолдары қиылысында, шекара өткелдерінде орналасады. Мобильді СББ автомобиль жолдарының жүк жинақтау бағытының (жүк ағымдары) өзгеретін орындарында орналасады. Қазыналық кәсіпорын СББ орнын ҚР ІІМ облыстық жол полициясымен келісілген шешім бойынша анықтайды.
Тармақ 3.2
3.2. Тұрақты СББ тәулік бойы жұмыс істейді. Бекеттің штаттық кестесі кезекті жұмыс тәртібі талабына сәйкес түзіледі.
Тармақ 3.3
3.3. Мобильді СББ тобы жүргізушіден, СББ-ның 2 қызметкерінен тұрады. Мобильді СББ арнайы бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді.
Тармақ 3.4
3.4. Тұрақты СББ салмақ өлшемдерін бақылауды автоматтық тәртіпте тікелей қозғалыс уақытында жолдың жүріс бөлігінде (жол табанында орнатылған салмақ өлшеу жабдықтары болғанда), немесе көлік құралдарын жол байланысты арнайы алаңға орнатылған таразыға шығарып өлшеу арқылы жүзеге асырады. Мобильді СББ салмақты бақылауды көлік құралдарын жол жиегінде тоқтатқаннан кейін жүргізеді.
Тармақ 3.5
3.5. Көлемді бақылауды автоматты тәртіпте, жолдың жүріс бөлігінде орнатылған рамкадан өткен кезде немесе жол полициясы қызметкерлерінің белгісімен көлік құралдары жол жиегінде тоқтатылғанда рулеткамен өлшеу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 3.6
3.6. Егер салмағы немесе көлемді өлшемдері белгіленген көрсеткіштен артық болса, СББ қызметкерлері жүк тасушыдан ауыр салмақты және үлкен көлемді көлік құралдарын өткеруге берілетін "Арнайы рұқсатты" талап етеді және "Арнайы рұқсатта" көрсетілген нақтылы салмақ пен көлемді көрсеткіштерінің дұрыстығын тексереді. Егер автопоездың нақты жалпы салмағы рұқсат етілген көрсеткіштен аспаса, қабылдау платформасынан жылдамдығы 40 км/сағ. аспайтын жүк көлігін өткізгенде білекке түсетін нақты жоғары салмақ рұқсат етілген көрсеткіштен 5%-тен артық аспаған жағдайда, тәртіп бұзылмаған деп есептелінеді.
Тармақ 3.7
3.7. СББ қызметкерлері:
Тармақша а
а) Рұқсат етілгеннен немесе "Арнайы рұқсатта" көрсетілгеннен (ол тасымалдаушыдан болғанда) кемінде бір өлшемнің асып кеткенін;
Тармақша б
б) "Арнайы рұқсатта" көрсетілген жүру бағытынан ауытқып кеткенін;
Тармақша в
в) жүк тасу уақыты "Арнайы рұқсатта" көрсетілген уақытқа тура келмесе немесе жүк тасуға "Арнайы рұқсаты" болмағанын анықтағанда, төмендегідей әрекет етеді: - заңда белгіленген тәртіппен, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту әрі қарай ІІБ бөлімшелеріне беру үшін бірінші қосымшадағы нысанда акті түзеді; - ауыр салмақты немесе үлкен көлемді жүк көліктерінің бүкіл маршрут бойында жүру өтемін қолданылып жүрген нормативті құжаттарға сәйкес қайта есептейді (есептейді). Жүк тасымалдаушы қосымша ақы төлейді және оған ауыр салмақты және үлкен көлемді көлік құралдарының жолда жүруіне жаңа "Арнайы рұқсат" рәсімдейді.
Тармақ 3.8
3.8. Жол жамылғысы тозуының жоғарылауына байланысты, оның орнын толтыру өтемі тікелей СББ кассасына, автомобиль жолдары Қазыналық кәсіпорнының есеп шотына төленеді.
Тармақ 3.9
3.9. Қажет болған жағдайда Жол полициясы қызметкерлері жүк тасымалдаушы көлік құралдарын бақылау ретіндегі өлшеуден өтуге немесе нақтылы салмақ өлшемдерін салыстыру үшін салмақ бақылау пунктіне жібереді. Бақылау өлшемі нәтижесінде жүк тасу Ережесінің бұзылғандығы анықталса, берілген құқық негізінде жүргізушілерді, немесе жүк көлік құралдарын пайдаланушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады, қажет болған жағдайда тәртіп бұзушылық түзелінбейінше әрі қарай жүруге рұқсат етпейді.
Тарау 4. 4. СББ қызметкерлерінің құқықтары
4. СББ қызметкерлерінің құқықтары
Тармақ 4.1
4.1. СББ қызметкерлері.
Тармақ 4.2
4.2. Ауыр салмақты және үлкен көлемді жүк тасымалдаушы көлік құралдарын СББ әрекет ететін аймағында тоқтатуға құқықты.
Тармақ 4.3
4.3. СББ әрекет ететін аймақта: - көлік құралдарының иесінің немесе оларды пайдаланушының қолында үлкен көлемді және ауыр салмақты жүктерді алып жүруге құқығын растайтын құжаттары (белгілі үлгідегі рұқсаты мен пропускасы) болуын; - рұқсаты мен пропускадағы көрсетілген маршруттың көлік құралдары жүруінің нақты маршрутына сәйкес келуін; - көлік құралдарының салмақ өлшемдерінің рұқсатта көрсетілгенге сәйкес болуын; - рұқсат пен пропускіде көрсетілген тасымалдау мерзімінің, нақтылы тасымал мерзіміне сәйкес болуын; - рұқсатта және пропускіде көрсетілген тасымалдау шарттарының нақтылы басқа реквизиттерге сәйкес болуын тексере алады.
Тармақ 4.4
4.4. Үлкен көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасығанда белгілі үлгідегі рұқсаты мен пропускісі болмаса, тасымалдау құқығын бұзса: - "Автомобиль жолдарын пайдалану Тәртібін" бұзу, немесе басқа да бұзушылықтар фактісін белгілеп, құжатта тіркейді; - ЖП қызметкерлерімен бірге "ҚазССР әкімшілік құқықты бұзу туралы Кодексіне" сәйкес әкімшілік құқықты бұзу туралы хаттаманы әзірлеуге, қатысады.
Тармақ 4.5
4.5. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 21 ақпандағы "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" N 221 қаулысына сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында ауыр салмақты және үлкен көлемді жүк тасымалдағаны үшін төлем ақы алуға.
Тармақ 4.6
4.6. Қазақстан Республикасының жалпы пайдасындағы автомобиль жолдарында ауыр салмақты және үлкен көлемді көлік құралдарының жүруіне туралы Нұсқауға сәйкес үлкен көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарын өткеруге "Арнайы рұқсат" беруге қатысады.
Тарау 5. 5. СББ қызметкерлерінің жауапкершілігі
5. СББ қызметкерлерінің жауапкершілігі
Тармақ 5.1
5.1. СББ-ның лауазымды қызметкері салмағы мен көлемді өлшемдері шектеулі өлшемдерден асып түсетін көлік құралдарының рұқсатсыз жүруін болдырмау жөніндегі міндетін орындау барысында салғыртыққа салынса немесе әрекетсіздік көрсетсе, осының салдарынан жол немесе жол құрылыстары бүлінсе және қауіпті жағдай туса, заңда көрсетілген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Тарау 6. 6. СББ-ны қаржыландыру
6. СББ-ны қаржыландыру
Тармақ 6.1
6.1. СББ құрылысын, оның жобасы жергілікті атқарушы органдармен, ЖПД органдарымен және басқа да мүдделі органдармен келісілгеннен кейін тиісті ұйымдар іске асырады.
Тармақ 6.2
6.2. СББ құрылысы Жол қоры қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 6.3
6.3. Тұрақты СББ-ның мүлкінің құны жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары құнының құрамына кіреді.
Тармақ 6.4
6.4. СББ-ны ұстауды қаржыландыру Жол қорының "жұмыс істеп тұрған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жүйесін ұстау және жөндеу" жөніндегі бабына сәйкес бөлінетін қаражат есебінен оларды ұстауға белгілі бір тәртіппен бекітілген сметаларға қарай қаржыландырылады.
Тармақ 6.5
6.5. Жол полициясы бөлімшелерінің жұмысына шартқа сәйкес жиналған соманың 3%-не дейінгі мөлшерінде ақы төленеді.
Басқа 49. Үлкен көлемді (ауыр салмақты) көлік құралдарының жүру тәртібін бұзу туралы АКТ
1-қосымша Үлкен көлемді (ауыр салмақты) көлік құралдарының жүру тәртібін бұзу туралы АКТ (Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 20 сәуірдегі N 316 қаулысымен бекітілген автомобиль жолдарын пайдалану Ережесінің 16, 23 баптарына сәйкес) Жасалған күні "___"____________ 199 _ ж. Жасалған жері ___________________________________________________              (жолдың атауы, километрі, салмақ бақылау бекетінің N) жүргізушінің А.Ж.Т., жұмыс орны __________________________________ __________________________________________________________________ Автомобиль маркасы __________________ мем.номері _________________ Жол қағазының номері _____________ және жүру бағыты ______________ __________________________________________________________________ "Арнайы рұқсаты" барлығы _________________________________________                                   қашан және кім берді __________________________________________________________________  _____________________________________________________________________           Өлшемдері                        |Мүмкіндігі|Рұқсатпен|Нақты| ___________________________________________|__________|_________|_____| Жол бетінен биіктігі, м                    |  4,00    |         |     | ___________________________________________|__________|_________|_____| Ені, м                                     |  2,50    |         |     | ___________________________________________|__________|_________|_____| Бір тіркемелі автопоездың ұзындығы, м      | 20,00    |         |     | ___________________________________________|__________|_________|_____| Екі тіркемелі автопоездың ұзындығы, м      | 24,00    |         |     | ___________________________________________|__________|_________|_____| Толық көлемі, м                            |          |         |     | ___________________________________________|__________|_________|_____| Жүк салмағы, т                             |          |         |     | ___________________________________________|__________|_________|_____| Оське түсетін мейлінше үлкен салмақ т.с.   |          |         |     | ___________________________________________|__________|_________|_____| Қосарланған оське түсетін мейлінше салмақ  |          |         |     | т.с.                                       |          |         |     | ___________________________________________|__________|_________|_____| Үш оське түсетін мейлінше үлкен салмақ т.с.|          |         |     | ___________________________________________|__________|_________|_____|       Шығарып салынатын көлік құралдарының болуы және олардың "Арнаулы рұқсатта" көрсетілгендерге сәйкес келуі _________________________ Көлік құралдары жабдықтарының "Ауыр салмақты және үлкен көлемді жүктерді тасымалдау жөніндегі Нұсқаулыққа" сәйкес келуі ____________________________ Құқық бұзылуының уақыты мен оның мәні ______________________ Жүргізушінің құқық бұзылуы жөніндегі түсіндірмесі ______________________________________________________ ___________________________________________________________________ Осы құқық бұзылуына байланысты болатын жауапкершілікті анықтайтын нормативті акт ____________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Өкілетті лауазымды адам ___________________________________________ ______________________________________________________         _______ Қызмет орны, ЖДП қызметкерлерінің аты-жөні, куәлігі N           қолы _____________________________________________________________  _______ Қызмет орны, жол полициясы қызметкерінің аты-жөні, куәлігі N    қолы Куәгерлер (олар болған жағдайда) _____________________________ _______          Аты-жөні, жеке куәлігінің немесе басқа құжатының NN    қолы Жүргізуші (жауапты жүк тасымалдаушы) _________________________ _______          Аты-жөні, жеке куәлігінің немесе басқа құжатының NN    қолы 2-қосымша СББ-ны ұйымдастыру технологиялық жағынан қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. СББ-ның түрлері: СББ-ның тұрақты және мобильді екі түрі болады. СББ-да пайдалануға жабдықтар сертификацияланған болу керек. СББ өзінде қолданылатын заттардың белгіленген тәртіппен метрологиялық бақылаудан өткізілуін қамтамасыз етуге міндетті. СББ-ның қызметкерлері бекет жабдықтарын зерделеуде және оны пайдалануда арнайы дайындық курсынан өтулері тиіс.
Тармақ 2
2. СББ тұрақты постының жабдықтары: - тұрақты тараздар; - мәліметтерді жинаудың, сараптаудың, жинақтаудың, сақтаудың автоматты жүйесі; - арнайы байланыс құралдары; - қызметкерлер мен аппараттарға арналған бөлме; - нормативтік құжаттар комплектісі; - СББ әрекет аумағын қажетті жарықпен қамтамасыз ету; - шектеу белгілері; - өлшем жағынан әрі қарай жүруге мүмкіндігі жоқ көлік тұрағы.
Тармақ 3
3. Мобильді СББ-ның пост жабдықтары: - арнайы автомобилі; - тасымал таразысы; - жылжымалы байланыс құралдары; - нормативтік құжаттар комплектісі.
Басқа 53. СББ-ға арналған аспаптар мен жабдықтардың үлгі тізбесі:
3-қосымша СББ-ға арналған аспаптар мен жабдықтардың үлгі тізбесі:
Тармақ 1
1. Салмақ өлшейтін құралдар;
Тармақ 2
2. Көлемді бақылау рамкасы;
Тармақ 3
3. Еске қалдыру жабдығы бар касса аппараты;
Тармақ 4
4. "Арнайы рұқсат" бланкілері;
Тармақ 5
5. "Арнайы рұқсатты" тіркеу журналы;
Тармақ 6
6. "Арнайы рұқсаттар" бланкісін және автомобиль жолдарына келтірген зияны үшін жиналған қаржыны сақтайтын сейф;
Тармақ 7
7. Нормативті-техникалық құжаттар;
Тармақ 8
8. Ұйымдастыру техникасы (қажетіне қарай);
Тармақ 9
9. Байланыс аппараттары;
Тармақ 10
10. Уақытша демалуға арналған қосымша бөлме.
Басқа 64
4-қосымша
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы" N 316 қаулысы;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 ақпандағы "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" N 221 қаулысы;
Тармақ 3
3. Жол полициясы Департаментінің келісімі бойынша Көлік және коммуникациялар министрлігінің бекіткен автомобиль жолдарының карта-схемасы;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" N 557 қаулысы.
Тармақ 5
5. Осы Ереже;
Тармақ 6
6. "Арнайы рұқсаттар" беруді реттейтін нормативті құжаттар.