О ликвидации Зыряновского рудника Күшін жойған
Басқа 0
Зырян кенішін тарату туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 90 шешімімен.
"Казцинк" ашық акционерлiк қоғамы "Зырян қорғасын комбинаты" ашық акционерлiк қоғамынан Зырян кенiшiн жалға алып отыр. Зырян қазба орындарындағы пайдалану жұмыстары 1791 жылдан жүргiзiлiп келедi және бүгiнгi таңда ондағы өндiру жұмыстары өзiн-өзi ақтамауда.
Зырян кенiшiнiң кен қорлары Қорлар жөнiндегi Мемлекеттiк Комиссияның 1994 жылғы 22 сәуiрдегi № 10-К Хаттамасымен баланстан шығарылған болатын. Зырян кен орнын игерудiң тиiмсiздiгiне шикiзат құрамындағы металдар мөлшерiнiң төмендiгi, оны өндiру аумағының барған сайын тереңдей түсуi, бағалы және түстi металдардың әлемдiк бағасының төмендеуi, материалдар мен энергия қорлары бағасының көтерiлуi себеп болып отыр. Зырян кенiшiн игерудiң тиiмсiздiгi салдарынан жылма-жыл "Казцинк" ААҚ-ның салық салынатын кiрiсi төмендеуi, мемлекеттiк бюджет заңды тұлғалардың пайдасына салынатын салық түрiнен бiршама қаражат жоғалтуы себептi, "Казцинк" ААҚ "Зырян қорғасын комбинаты" ААҚ-ын Зырян кенiшiн жалға алу келiсiм-шартының бұзылатыны жөнiнде хабардар еттi.
1999 жылдың 24 желтоқсанында "Востказнедра" аумақтық басқармасы 1997 жылы Қазақстан Республикасы Экология және табиғат қорлары министрi бекiткен "Қатты пайдалы қазбаларды өндiру және өңдеу кәсiпорындарын тарату және консервациялау тәртiбi жөнiндегi Нұсқаудың" 2 тарауының талаптарына сәйкес Зырян кенiшiн таратуға тұжырымдама бердi.
Жоғарыда айтылғандарды негiзге ала отырып, ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Дайындық жұмыстары аяқталған соң "Зырян қорғасын комбинаты" АҚҚ-ы (Митрофанов П.Г.) Зырян кенiшiн таратуға кiрiссiн.
Тармақ 2
2. Зырян кенiшiн тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарына және тарату жобасына сәйкес жүргiзiлсiн.
Тармақ 3
3. "Казцинк" ААҚ-ы келiсiм-шарт негiзiнде Зырян кенiшiн тарату жөнiндегi мердiгер ретiнде белгiленсiн.
Тармақ 4
4. "Зырян қорғасын комбинаты" ашық акционерлiк қоғамы (П.Г. Митрофанов), Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы (Ж.Қ. Егiзбаев) Зырян кенiшiн тарату бойынша мердiгерлiк жұмыстарды орындағаны үшiн жартылай төлемақы есебiнде Зырян кенiшiнің жабдықтары мен мүлкiн олардың қалдық құны бойынша "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамына берудi ұйымдастырсын. Зырян кенiшiнің тау-кен өндiрiмдерi, жер үстiндегi ғимараттар мен құрылыстары кенiштi тарату жөнiндегi бекiтiлген және келiсiлген жобаға сәйкес таратылсын.<*>
📌 Ескерту. 4 тармағы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2000.05.18 № 861 шешімімен.
Тармақ 5
5. Зырян ауданының әкiмi (Доскалов В.А.), "Казцинк" ААҚ президентi (Попович Н.), "Казгипроцветмет" ААҚ атқарушы директоры (Слабков В.Ф.) Зырян қаласында Зырян кенiшiн тарату жобасын көпшiлiк талқысына салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсiн.