Арасан ауылдық округіндегі Қызылжар ауылындағы атауы жоқ көшені Қызылжар көшесі атауын беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Арасан ауылдық округіндегі Қызылжар ауылындағы атауы жоқ көшені Қызылжар көшесі атауын беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Арасан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арасан ауылдық округіндегі Қызылжар ауылындағы атауы жоқ көшені Қызылжар көшесі атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Арасан ауылдық округінің бас маман іс-жүргізушісі Ғалымжанова Роза Айтжанқызына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.