Аудан бойынша жекелеген елді мекендердің шекараларын бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бойынша жекелеген елді мекендердің шекараларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабы 5 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармағына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихат ШЕШТІ және Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ордабасы аудандық жер қатынастары мен Ордабасы аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
Тармақша 1
1) 39,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Көктөбе ауылының жалпы ауданы 527,28 гектар;
Тармақша 2
2) 29,43 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Ынталы ауылының жалпы ауданы 420,54 гектар;
Тармақша 3
3) 16,7 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Берген ауылының жалпы ауданы 414,07 гектар;
Тармақша 4
4) 32,9 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Қараспан ауылының жалпы ауданы 537,35 гектар;
Тармақша 5
5) 173,2 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Бадам ауылының жалпы ауданы 640,8 гектар;
Тармақша 6
6) 56,63 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Ұялыжар ауылының жалпы ауданы 398,6 гектар;
Тармақша 7
7) 34,27 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Шұбар ауылының жалпы ауданы 484,07 гектар;
Тармақша 8
8) 32,7 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Тоқсансай ауылының жалпы ауданы 573,5 гектар;
Тармақша 9
9) 85,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Төрткөл ауылының жалпы ауданы 384,94 гектар;
Тармақша 10
10) 11,65 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Спатаев ауылының жалпы ауданы 253,45 гектар болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.