О введении обязательной предшкольной подготовки детей Күшін жойған
Басқа 0
Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлауды енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 17.08.2004 № 33 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 23-бабы, 4-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау мәселелері» туралы 1999 жылғы 22 қарашадағы N 1762 қаулысының орындау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 1999 – 2000 оқу жылынан бастап облыстың жалпы білім беретін мектептеріне және мектепке дейінгі ұйымдарына бес – алты жасар балаларды жалпы білім беретін бағдарламалар шеңберінде міндетті мектеп алдындағы даярлау енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қаланың, аудандардың әкімдері мектеп алдындағы даярлау енгізу жөнінде шаралар әзірлесін және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етсін, бес-алты жасар балалардың нақты есебін, мұқтаж балалардың әлеуметтік жағдайын ұдайы бақылауға алсын.
Тармақ 3
3. Облыстық білім басқармасы (Қатаев) облыстың оқу-тәрбие мекемелерінде мектеп алдындағы даярлау енгізу жөнінде ұйымдастыру – педагогикалық шаралар кешенін қабылдасын.
Тармақ 4
4. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері мектеп алдындағы даярлау енгізу жөніндегі шараларды Қазақстан – 2030 «Жалпы білім беретін мектеп» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджетте 2000 жылға қаралған қаржы есебінен және шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. И. Құлшарға жүктелсін.