О наименовании и переименовании улицы города Жезказгана Қолданыста
Басқа 0
Жезқазған қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы 4 тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жезқазған қаласының 8 мөлтөк ауданының атаулары жоқ көшелеріне:
Тармақша 1
1) 8 мөлтек ауданының атауы жоқ көшесіне Уәйіс Байжанұлы;
Тармақша 2
2) 8 мөлтек ауданының атауы жоқ көшесіне Бабыр би;
Тармақша 3
3) 8 мөлтек ауданының атауы жоқ көшесіне Бозай-баба деген атаулар берілсін.
Тармақ 2
2. Жезқазған қаласының 30 лет Победы көшесі Жеңіс көшесіне қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы және шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.