О защите местных товаропроизводителей, прав потребителей и мерах по обеспечению налоговых поступлений в бюджет Қолданыста
Басқа 0
Жергiлiктi тауар өндiрушiлердi, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және салықты бюджетке түсiрудi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы
Жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң дамуын, оларды қолдау және қорғауды ынталандыру, салықты бюджетке түсiру бойынша жүргiзiп жатқан жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру, салық салынатын базаны кеңейту және бюджеттiң қосымша кiрiс көздерiн iздестiру, сондай-ақ облыстың сауда жүйесiне түсетiн халық тұтыну тауарларының сапасына бақылауды күшейту негiзiнде тұтынушылар құқығын қорғау, олардың тұтынушылар үшiн қауiпсiздiгiн растайтын құжаттарды берудi реттеу бойынша лауазымды адамдардың жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында және тиiстi заңдық, нормативтiк актiлердi басшылыққа алып:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмшiлiгiнiң стратегиялық жоспарлау және реформалар департаментi (Қ. Әмiрбеков), кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту басқармасы (Р. Назарбекова), Индустрия, көлiк және сауда департаментi (Т. Ысқақов), Ауыл шаруашылығы департаментi (И. Тұрсынқұлов) 1999 жылғы 1 желтоқсанға дейiн жергiлiктi өнiм өндiрушiлердi дамыту және қолдау бойынша iс-шаралар дайындап, жасасын.
Тармақ 2
2. "Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" РМК Оңтүстiк Қазақстан бөлiмшесi (К. Төлеметов), облыстың санитарлық-эпидемиологиялық стансасы (Б. Торғауытов) қолданыстағы нормативтiк актiлерге сәйкес облысқа әкелiнетiн тауарлардың сапасын, тез бұзылатын өнiмдердiң жарамдылығын ескере отырып, халық тұтыну тауарларын сататын сатушыларға тиiстi ұйғарымдардың болуына бақылауды күшейтсiн.
Тармақ 3
3. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасына (Е.Т. Қожағапанов) облысқа әкелiнетiн ликер-арақ өнiмдерiн, шырындар мен салқындатылған сусындарға, оларды сапалық сертификаттарға сәйкестiгiн толық тексеруден кейiн салық салудың жүзеге асырылуын бақылауды күшейту ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы алкогольдық өнiмдердiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан басқармасына (Б. Әбибуллаев) алкогольдық өнiмдердiң өндiрiсiне және айналымына, оларды заңсыз шығару және сату жағдайларына тыйым салуға бақылауды қатаңдату бойынша шара қолдану ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi департаментiне (К.А. Әмiрбеков), облыстық статистика басқармасына (Б. Шайманов) облыстың аумағына әкелiнетiн тауарлардың тұрақты мониторингiн өткiзiп тұру, ай сайын жергiлiктi органдарды және тауар өндiрушiлердi конъюнктураның өзгеруi туралы хабардар етiп тұру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау комитетiне (Н. Нұрмадиева) облыста өндiрiлетiн өнiмнiң өзiндiк құны қолданыстағы заңдылық актiлерге сәйкес негiзделiп, дұрыс қалыптасуына тұрақты бақылау орнату ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша салық комитетiне (В. Крипулевич), қала, аудан әкiмдерi, салық полициясы комитетiнiң облыстық басқармасына (Е. Жакишев) 1999 жылғы 10 қарашаға дейiнгi мерзiм iшiнде қолдағы бар резервтердi пайдалану арқылы салық түсiрудi көбейту жөнiндегi iс-шараларды дайындап жасау ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша салық комитетiне (В. Крипулевич), облыстық әдiлет басқармасына (Ә. Керiмшеев) барлық заңды тұлғаларды есепке алу бойынша iс-шаралар өткiзсiн, бiрыңғай автоматтандырылған мәлiмет банкiсiне енгiзiп, салық және бюджетке түсетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге тартылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзбесiн дайындау ұсынылсын. Салық комитетi, көлiктегi кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын тұлғаларға толық салықтың салынуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Облыс әкiмшiлiгiнiң стратегиялық жоспарлау және реформалар департаментi (Қ. Әмiрбеков), кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту басқармасы (Р. Назарбекова) барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, жарнама, жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң көрме-саудаларын ұйымдастыру арқылы халық арасында жергiлiктi тауар өндiрушiлердi қолдау бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзсiн.
Тармақ 10
10. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.Д. Пляцукке жүктелсiн.