О присвоении наименований безымянным улицам и переименовании некоторых улиц города Актобе Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атаусыз көшелерге:
«Авиатор - 2» орамындағы атаусыз көшеге Сұлтан Аманғосов;
«Заречный - 2» тұрғын алабындағы атаусыз көшеге Ахмет Ескендіров атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласының кейбір көшелері:
Селиверстов көшесі - Тілеу батыр көшесі;
Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданындағы
Тихая көшелері: Жиембет жырау, Жеңімпаз, Желкен, Жетіген атауларымен қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.