О реорганизации государственного учреждения "Институт законодательства Министерства юстиции Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Заң шығару институты" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы
Заң жобалау қызметiн институционалдық нығайтуды жүзеге асырудың тиiмдiлiгін арттыру және жалпы ұлттық даму стратегиясын iске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында заң жобасы және сараптамалық жұмысты ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Заң шығару институты" мемлекеттiк мекемесi жарғылық капиталда мемлекеттiң 100-проценттік қатысуымен "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Заң шығару институты) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Заң шығару институтының негізгі мiндеттерi Қазақстан Республикасы заңдарын дамытудың ғылыми тұжырымдамасын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен орталық атқарушы органдарының қызметiн құқықтық қамтамасыз ету саласында зерттеу жүргізу болып белгіленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру жөнiндегі комитеті заңдарда белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Заң шығару институтының жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Заң шығару институты акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берсiн;
Тармақша 3
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.