О внесении изменений и дополнения в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақ 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат): жоғарыда аталған Жарлықтың 2-қосымшасына: "Қазақстан Республикасының прокуратурасы" деген жолдағы "5921" деген цифрлар "6281" деген цифрлармен ауыстырылсын; "Бас прокуратура" деген жолдағы "289" деген цифрлар "338" деген цифрлармен ауыстырылсын; "Прокуратура органдары" деген жолдағы "4861" деген цифрлар "5171" деген цифрлармен ауыстырылсын; "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет" деген жолдағы "117" деген цифрлар "118" деген цифрлармен ауыстырылсын; жоғарыда аталған Жарлықтың 3-қосымшасы осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақ 2
2) (күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.09.22 № 1066 Жарлығымен).
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің штат саны ЛИМИТІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 970 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына 3-ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің штат саны ЛИМИТІ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет 64 Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы сот әкімшілері, оның ішінде: 8432 сот әкімшілерінің аппараттары, облыстық және оған теңестірілген соттардың кеңселері, сот орындаушылары 3251 аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері 4484 сот приставтары 697 Қазақстан Республикасының жергілікті соттары судьяларының штат саны ЛИМИТІ Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары 574 Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары 1945