О переименовании некоторых населенных пунктов Зеленовского района Западно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданындағы кейбір елді мекендердің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін есепке ала отырып және облыстық ономастикалық комиссиясы отырысының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 2-9 қорытындысы негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының кейбір елді мекендері қайта аталсын: Көшім ауылдық округі бойынша: Балаган селосы - Жаңатаң ауылына; Степной селосы - Өркен ауылына; Переметный ауылдық округі бойынша: Чернояров селосы Қаражар ауылына.
Тармақ 2
2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.