Об утверждении норм потерь воды Күшін жойған
Басқа 0
Су шығындарының нормасын бекіту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен.
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің “Өнеркәсіпке бағаны есептеу және табиғи монополиялар субъектілеріне қызметтер (товарлар, жұмыстар) көрсету кезінде ескерілетін шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы” 1998 жылғы 14 тамыздағы N 2/5 қаулысын басшылыққа алып, сондай-ақ Алматы қаласындағы “Казводоканалналадка” мамандырылған кәсіпорын орындаған есептер мен “Газжобалау” ғылыми-зерттеу жобалау институты” ашық акционерлік қоғамының 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 1-4-282 қорытындысын назарға ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. “Суканал” басқармасына технологиялық қажеттіліктер үшін су шығынының нормасы 26, 70 процент мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры В. А. Кондратенко салқын сумен жабдықтау және ағын сулар канализациясына тарифтерді қараған кезде бекітілген технологиялық шығындар нормасын басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. “Суканал” басқармасының бастығы В. Т. Дорошенконың 2000 жыл ішінде сумен жабдықтауға және ағын сулар канализациясына тарифтерге өзгерістер қаралмайтындығы туралы өтініші қатерге алынсын.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуын бақылау Орал қаласының әкімі В. Қ. Мұқатаевқа жүктелсін.