Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының батыс жағынан салынып жатқан кейбір көшелерге атаулар беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының батыс жағынан салынып жатқан кейбір көшелерге атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып, тиiстi аумақ халықтың пiкiрiн ескере отырып, Жаңақала аудандық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 1 хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының батыс жағындағы кейбір көшелерге мына атаулар берілсін: № 13 көшеге "Хамит Маданов көшесі"; № 15 көшеге "Мәмен көшесі"; № 16 көшеге "Әбділхамит Нарымбетов көшесі"; № 17 көшеге "Есен Орақбаев көшесі"; № 18 көшеге "Ғұмар Салықов көшесі"; № 20 көшеге "Оқап Қабиғожин көшесі".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т. Бигалиевке жүктелсін.