Об утверждении Правил представления баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности Қолданыста
Басқа 0
Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-тармағына және «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті (С.К. Бралина) Жарияланымдар және ақпараттық технологиялар департаментімен (Д.Т. Жармұхамбетов) бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте
сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі Төрағасының
2010 жылғы 2 шілдедегі
№ 168 бұйрығымен
бекітілген
Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте
сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-тармағына, сондай-ақ «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында үйлестіруді, басшылықты және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) пайдаланушы кабинеті – уәкілетті орган ведомствосының www.stat.gov.kz интернет-ресурсындағы тіркелген пайдаланушыларға уәкілетті орган ведомствосының сервистеріне қолжетімділік ұсынатын интерфейс;
Тармақша 3
3) зерттеуші кабинеті – уәкілетті органы ведомствосының Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлімшелеріндегі сәйкестендірілмеген түрінде дерекқормен жұмыс істеуге арналған арнайы жабдықталған үй-жай;
Тармақша 4
4) сәйкестендірмеу – бөлек сақталатын және қорғалатын қосымша деректерді пайдаланбай, нақты деректер субъектісін сәйкестендіру үшін пайдаланылмайтындай етіп өңделетін дербес деректерді өңдеу процесі.
Тарау 2. 2-тарау. Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну тәртібі
2-тарау. Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ұйымдарының;
Тармақша 3
3) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүргізу мақсатында, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын халықаралық ұйымдардың біржолғы өтінімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ұйымдарға сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор беріледі немесе сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқор электрондық жеткізгіштен (CD диск) дербес компьютерге жүктелетін Зерттеушінің кабинетінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқормен жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.
Бұл ретте сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор және сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқор электрондық жеткізгіштен (CD диск) дербес компьютерге жүктелетін Зерттеушінің кабинетінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорлармен жұмыс істеу мүмкіндігі ұйымның тікелей өкіліне (бұдан әрі – зерттеуші) ұсынылады.
Тармақ 5
5. Өтінім Пайдаланушы кабинеті арқылы қалыптастырылып жіберіледі және келесі құжаттарды қоса бере отырып, ол заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады:
Тармақша 1
1) зерттеушінің деректемелерін (зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі) көрсете отырып, ұйымның ресми хаты;
Тармақша 2
2) зерттеушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме;
Тармақша 5
5) ұйымда ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға рұқсаттың болуын растайтын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасының ұйымдары үшін білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензияның және лицензияға қосымшалардың немесе аккредиттеу туралы куәлік, және халықаралық ұйымдар үшін жарғы).
Өтінімді қалыптастыру және беру кезінде зерттеуші құпиялылық саясатымен танысып, жеке деректерді өңдеуге және өтінім туралы (өтінім берілген күні, ұйымның атауы, зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сұралған дерекқор сипаттамасы, ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен нәтижесі) ақпаратты жариялауға келісімін береді.
Тармақ 6
6. Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуға жауапты уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жауапты ҚБ) келіп түскен өтінімді барлық құжаттардың болуын және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес қосымшаларды ресімдеудің толықтығына түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 7
7. Жауапты ҚБ барлық құжаттар болған жағдайда өтінімді уәкілетті орган ведомствосының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне тіркеу үшін жібереді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган ведомствосының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі өтінімді алған күні тіркеп, уәкілетті орган ведомствосының басшылығына қарауға жібереді. Өтінішті қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган ведомствосының басшылығы өтінімді құзыреті бойынша тиісті уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі – ҚБ) қарауына жібереді.
Тармақ 10
10. Тиісті ҚБ өтінімді ұсыну, қалыптастыру және сәйкестендірмеу мүмкіндігіне түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды және жауапты ҚБ-ға хабарлайды.
Тармақ 11
11. Жауапты ҚБ өтінімнің оң қаралуын алған кезде "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ведомстволық бағынысты ұйымға (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды қалыптастыру үшін жолдайды.
Тармақ 12
12. Ведомстволық бағынысты ұйымның сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды қалыптастыру тәртібі:
Тармақша 1
1) алынған өтінімге сәйкес бастапқы статистикалық деректердің қоры қалыптастырылады;
Тармақша 2
2) сәйкестендірмеуге жататын бастапқы статистикалық деректердің тізбесі айқындалады;
Тармақша 3
3) бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын және қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында: респондент туралы сәйкестендіруші ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), кәсіпорынның/ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі, тіркеу күні, орналасқан жерінің мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) жою жолымен дерекқорларды сәйкестендірмеу жүзеге асырылады, орнына сәйкестендіру үшін пайдалану мүмкін емес нөмірлеу қолданылады.
Тармақша 4
4) сәйкестендірмеу процесі аяқталғаннан кейін, сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор уәкілетті орган ведомствосының бұлтты сақтау қоймасында орналастырылады, оған тек жауапты ҚБ қолжетімділігі бар.
Ведомстволық бағынысты ұйым сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
Тармақ 13
13. Жауапты ҚБ қалыптастырылған сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оның өтінімге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және Пайдаланушы кабинетінің әкімшілік интерфейсі арқылы ақпараттық қауіпсіздікке жауапты ҚБ жібереді.
Тармақ 14
14. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты ҚБ бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды тексереді.
Тармақ 15
15. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты ҚБ бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегені анықталған кезде ведомстволық бағынысты ұйымның пысықтауы үшін бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуінің нақты себептерін көрсете отырып, сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды жауапты ҚБ қайтарады.
Тармақ 16
16. Бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде жауапты ҚБ тиісті ҚБ-мен жауапты келіседі және зерттеушінің электрондық поштасына өтінімнің оң қаралғаны және осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес дерекқорды сәйкестендірілмеген түрінде беруге дайын екендігі туралы жауап жібереді.
Тармақ 17
17. Сұралатын дерекқорларды қалыптастыру және ақпаратты сәйкестендіру мүмкіндігін айқындау кезінде, уәкілетті орган ведомствосының басшылығы қарастыру мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге дейін ұзартады, бұл туралы зерттеушіге мерзімді ұзартқан күннен бастап үш жұмыс күн ішінде хабарланады.
Тармақ 18
18. Зерттеуші жұмыс аяқталғаннан кейін уәкілетті орган ведомствосынының www.stat.gov.kz интернет-ресурсында орналастыру үшін зерттеу нәтижесін уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың және Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ұйымдарының өкілдері сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жою тәртібі
3-тарау. Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың және Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ұйымдарының өкілдері сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жою тәртібі
Тарау 4. 4-тарау. Зерттеушінің кабинетінде жұмыс істеу тәртібі
4-тарау. Зерттеушінің кабинетінде жұмыс істеу тәртібі
Тармақ 21
21. Зерттеушінің кабинетіне кіру графигі уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелерінің жұмыс кестесін ескере отырып, қаралған өтінімдерге сәйкес қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Зерттеушінің кабинеті сыртқы құрылғыларды қосу мүмкін емес дербес компьютермен, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады.
Тармақ 23
23. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы Зерттеуші кабинетінің жұмысына жауапты қызметкерді (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындайды.
Тармақ 24
24. Жауапты қызметкер зерттеушінің одан әрі жұмыс істеуі үшін электрондық жеткізгіштен (CD диск) Дерекқорды дербес компьютерге жүктейді және оны қайта пайдалануды болдырмайтын күйге дейін деформациялау арқылы электрондық жеткізгішті (CD диск) жояды.
Электрондық жеткізгіш (CD диск) жойылғаннан кейін жауапты қызметкер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Акт жасайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жою туралы журналға белгі қояды.
Тармақ 25
25. Зерттеушінің қозғалысы жауапты қызметкердің сүйемелдеуімен жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Зерттеушіге Зерттеушінің кабинетіне фото- және бейнеаппаратураны, жазу құрылғыларын, ақпарат жеткізгіштерді, байқаудың визуалды құралдарын, есептеу техникасын, радиотехникалық және басқа да қосарлы мақсаттағы аппаратураны, техникалық құрылғыларды, оның ішінде деректерді беру мүмкіндігі бар сымсыз құрылғыларды, интернет модульдермен жарақтандырылған жеке байланыстың мобильді құралдарын және мобильді құрылғыларды, фото және бейнекамералармен, сондай-ақ басқа да электрондық жеткізгіштерді кіргізуге жол берілмейді.
Тармақ 27
27. 25 және 26-тармақтарда көзделген шектеулерді сақтамаған жағдайда жауапты қызметкер Зерттеушінің кабинетіндегі дерекқорға қол жеткізуді бұғаттайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шектеулерді сақтамағаны туралы Акт жасайды.
Тармақ 28
28. Жауапты қызметкер зерттеушіге Зерттеушінің кабинетінде оның жұмысының нәтижесін электрондық жеткізгішке (CD диск) жүктейді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес журналда қолтаңбалармен расталады.
Тарау 5. 5-тарау. Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсынудан бас тарту
5-тарау. Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсынудан бас тарту
Тармақ 29
29. Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсынудан бас тарту:
Тармақша 1
1) дерекқорларды иесіздендіру үшiн техникалық мүмкiндiк болмаған;
Тармақша 2
2) егер сұратылған ақпарат мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын мәліметтерді есептеу негізінде жиналмаған және алынуы мүмкін болмаған;
Тармақша 3
3) егер өтінім сұратылған ақпараттың мазмұнын бір мәнде анықтауға мүмкіндік бермеген (статистикалық байқаудың атауы, көрсеткіштер тізбесі, кезеңділігі, динамикалық қатары, аумақтық бөлініс);
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған;
Тармақша 5
5) егер бұрын қаралған өтінімдерде осы Қағидалардың 18-тармағының талаптары орындалмаған;
Тармақша 6
6) зерттеуші осы Қағидалардың 25 және 26-тармақтарында көзделген шектеулерді сақтамаған;
Тармақша 7
7) зерттеуші осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген міндеттемелерді сақтамаған жағдайларда көзделген.
Басқа 1. Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін алуға өтінім
Дерекқорларды ғылыми
және ғылыми-техникалық
қызметте сәйкестендірілмеген
түрінде пайдалану үшін ұсыну
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін алуға өтінім
1
Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдар, Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық ұйымдар, халықаралық ұйымдар атауы
2
Зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
3
Лауазымы
4
Ғылыми дәрежесі (атағы)
5
Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану мақсаты
6
Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі
7
Қаржыландыру көзі
8
Сұратылған сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқорлардың сипаттамасы (статистикалық байқаудың атауы, көрсеткіштер тізбесі, кезеңділігі, динамикалық қатары, аумақтық бөлініс)
9
Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде алу тәсілі (сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы немесе сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқор электрондық жеткізгіштен (CD диск) дербес компьютерге жүктелетін Зерттеушінің кабинетінде дерекқормен сәйкестендірілмеген түрінде жұмыс істеу мүмкіндігі)
10
Зерттеушінің кабинетіндегі жұмыс ұзақтығы*
____________________________________________________________________________________
(Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (күні)
Мөр орны
*Зерттеушінің кабинетінде алу тәсілін көрсеткен кезде толтырылады
Басқа 2. Алушының дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде жария етпеу және оны үшінші тұлғаларға беруді шектеу туралы міндеттемесі
Дерекқорларды ғылыми
және ғылыми-техникалық
қызметте сәйкестендірілмеген
түрінде пайдалану үшін ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Алушының дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде жария етпеу және оны үшінші тұлғаларға беруді шектеу туралы міндеттемесі
Мен__________________________________________________________________________________________
(зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі)
________________________________________________________________________________________________
(заңды тұлға атауы)
________________________________________________________________________________________________
(зерттеушінің лауазымы)
________________________________________________ лауазымы бойынша лауазымдық міндеттерді атқарушы
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
(жұмыстың сипатын көрсетіңіз)
тақырыбындағы ғылыми жұмыс жүргізу кезеңіне маған дерекқордың сәйкестендірілмеген түрінде
(бұдан әрі – дерекқор) ұсынылатыны туралы хабардармын.
Осымен:
1. Маған жұмысты орындаумен байланысты сеніп берілген (берілетін) немесе белгілі болған (болатын)
дерекқордан алынатын ақпаратты жария етпеу және үшінші тұлғаларға бермеу.
2. Дерекқорды көшірмеу.
3. Үшінші тұлғалар менен дерекқордағы ақпаратты алуға әрекет еткен жағдайда, бұл жөнінде дереу
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті органның
ведомствосы) хабарлау.
4. Жұмыс аяқталғаннан кейін маған сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған
сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы ұсынылған дерекқорды жою.
5. Дерекқорлардан алынатын ақпаратты коммерциялық мақсатында пайдаланбау міндеттемелерін өзіме
аламын.
Уәкілетті органның ведомствосы келісілген міндеттемелерді бұзған жағдайда дерекқорлардан ақпаратты
ұсынудан бас тартуға, сондай-ақ қайта/кейінгі өтініштерді қараудан бас тартуға құқылы.
_______________________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), (қолы)
20__жылғы «___»____________
Басқа 3. Сәйкестендірілмеген түрінде дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жою актісі
Дерекқорларды ғылыми
және ғылыми-техникалық
қызметте сәйкестендірілмеген
түрінде пайдалану үшін ұсыну
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Сәйкестендірілмеген түрінде дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жою актісі
_______________________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________ өткізу үшін
(жұмыс түрін көрсету)
дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдаланғандар
20___ жылы «___» ____________ одан әрі сақтауға жатпайтын сәйкестендірілмеген түрінде дерекқоры бар
электрондық жеткізгішті (CD диск) жоюдың жүргізілгені туралы осы актіні жасадық:
Күні
Алынған дерекқордың сипаттамасы
Электрондық жеткізгіштердің барлығы____________________________________________________
(цифрлармен және сөзбен)
Электрондық жеткізгіш (қию, демонтаждау және т.б.) арқылы жойылды.
________________________________________________________________________________________________
(Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (күні) және лауазымы)
________________________________________________________________________________________________
(Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (күні)
Мөр орны
Басқа 4. Электрондық жеткізгіштердегі (CD диск) сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды жою журналы
Дерекқорларды ғылыми және
ғылыми-техникалық қызметте
сәйкестендірілмеген түрінде
пайдалану үшін ұсыну
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Электрондық жеткізгіштердегі (CD диск) сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды жою журналы
р/с
№
Ұйымның атауы
Дерекқордың атауы
Алынған / жүктелген күні
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Жою күні
Басқа 5. Зерттеушінің шектеулерді сақтамауы туралы акт
Дерекқорларды ғылыми және
ғылыми-техникалық қызметте
сәйкестендірілмеген түрінде
пайдалану үшін ұсыну
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Зерттеушінің шектеулерді сақтамауы туралы акт
_______________________________________________________________________________________________,
(дерекқорды сәйкестендірілмеген түрінде сұратқан ұйымның атауы)
________________________________________________________________________________________________
(шектеулерді бұзған зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________________________________
(бұзушылықтың сипаттамасы)
____________________________________________________________________________________________
(жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20___ жылы «___» ____________ Зерттеуші кабинетіндегі жұмыс істеу тәртібін бұзған зерттеуші үшін
сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқорға қолжетімділікке бұғаттау жүргізілгені туралы осы актіні жасадық
қолы______ күні______
____________________________________________________________________________________________
(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (күні)
Басқа 6. Зерттеушінің кабинетіндегі жұмыс нәтижесін зерттеушіге беру журналы
Дерекқорларды ғылыми және
ғылыми-техникалық қызметте
сәйкестендірілмеген түрінде
пайдалану үшін ұсыну
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Зерттеушінің кабинетіндегі жұмыс нәтижесін зерттеушіге беру журналы
р/с
№
Ұйымның атауы
Зерттеушінің кабинетіндегі жұмыс нәтижесін зерттеушіге беру күні
Жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Зерттеушінің зерттеу нәтижесін ұсыну күні мен нысаны