Көшелерге атаулар беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелерге атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Бөген ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бөген ауылдық округіне қарасты: Лесхоз көшесіне Жиделі атауы берілсін; Лесная көшесіне Ө.Жәнібеков атауы берілсін; Совхозная көшесіне Ақ алтын атауы берілсін; Көлтоған көшесіне Б.Исабаев атауы берілсін; Кемер елді мекеніндегі атаулары жоқ көшелерге Береке, Бірлік атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Бөген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс-басқарушы Е.Қонырбайға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.