Көшеге атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Көшеге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Жылға ауылдық округі Жылға елді мекеніндегі «Восточный ауыл» көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жылға ауылдық округі Жылға елді мекеніндегі «Восточный ауыл» көшесі «Жұрқаев Өмірзақ» атауына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары С.Алтынбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.