Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы
ҚАЗАягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01-02/27-14
- Қабылданған күні
- 28.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2012 · қолданыстағы 54023_190530.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VF000110
- ЭКБ идентификаторы
- 54023
- Редакция идентификаторы
- 54023_190530
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:40
0 Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі
Қосымша
Аягөз аудандық мәслихатының
2010 жылғы 28 шілдедегі
№ 01-02/27-14 шешімімен
бекітілген
Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау
Ережесі
1 1 тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2 2. Осы Ереженің күші Аягөз ауданындағы жеке және басқадай меншігінде иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.
2 2 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету
3 3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптар мен осы Ережені сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
бір жанұя тұратын тұрғын үй-жайда;
бірнеше жанұялар тұратын пәтерде, өзі тұратын тұрғын үй көлемінде;
кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, бағбандық және саяжайлық бірлестіктердің аумағында, демалыс базаларында иттерді байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, түнгі уақыттарда мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшін қауіп төндіру мүмкіндіктерін болдырмайтын жағдайларда ұстау қажет. Аумаққа кіреберісте тиісті жазу жазылған ескерту тақтайшасын орнату қажет.
4
4. Барлық иттер мен мысықтар оларды иелері сатып алған сәттен бастап тіркеуге және вакцинациялауға жатады. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезінде иелеріне тиісті уәкілетті мемлекеттік орган – өз өкілеті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қалалық аумақтық инспекциясы ветеринарлық төлқұжат береді.
5
5. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтар бөліктерінде, жертөледе, шатырлар астында, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда) үй жанындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерінің жанындағы аумақтардан басқа), қонақ үйлерде ұстауға рұқсат етілмейді.