Қолданыстағы ред. 23.07.2010

Шолаққарғалы селолық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру туралы от 23.07.2010 г. № 7-38 (Шолаққарғалы селолық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру туралы)

0

Шолаққарғалы селолық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық ономастика кеңесінің келісімін, халықтың пікірін ескере отырып, Шолаққарғалы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Шолаққарғалы селолық округіне қарасты Үмбетәлі ауылында нөмір бірінші ықшам ауданында жаңа құрылыс жерлерінде келесідей жаңадан: Шығыс, Самал, Наурыз, Батыс деп, нөмір екінші ықшам ауданында жаңа құрылыс жерлерінде келесідей жаңадан: Суық төбе, Көк төбе, Бірлік, Хан тәңірі деп көшелерге атау берілсін.
Қасымбек ауылында жаңа құрылыс жерлерінде келесідей жаңадан: Жеңіс, Алатау, Майтөбе, Бес қоныс, Көк төбе, Суық төбе, Үш қоңыр, Болашақ, Достық, Ақ бата, Шығыс деп көшелерге атау берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.