Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 07 · қабылданған 28.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 01.03.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-54087/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 07 ·28.07.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 07 · қабылданған 28.07.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
07
Қабылданған күні
28.07.2010
Көрсетілген редакция
01.03.2012 · қолданыстағы AI54087_2.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
01.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VF000113
ЭКБ идентификаторы
54087
Редакция идентификаторы
AI54087_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:41

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4, 5, 7, 9, 12, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыссыздарды және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге құрылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары жеке меншік нысандарының түрлеріне қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – жұмыс беруші) ұйымдастырылады.

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру «Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – бөлім) жасалған келісім шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Келісім шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемі, еңбекақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен мерзімі көрсетілуі тиіс.

5

5. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақысын төлеуге шыққан шығындар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақының сексен пайызы мөлшерінде бөліммен жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара жұмыс берушінің есеп шотына аударылады.
📌 Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010.08.27 № 95 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6

6. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақы төлемі айына міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса жиырма мың тенге мөлшерінде Республикалық бюджет қаражаты есебінен бөліммен қатысушылардың жеке есеп шоттарына жүргізіледі.

7

7. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақы төлемі жұмыс берушімен ай сайын оның меншік қаражатынан атқарылатын жұмыстың мөлшеріне, сапасына және күрделілігіне байланысты және жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

8 8. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы тұлға мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.

9 9. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу, ресми ұсыныстардың түсуі бойынша кезекті тәртіппен жүргізіледі.

10 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсін.

12 12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.