О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын тарату туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 275 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қыркүйектегі N 1080 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 36, 341-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен санаторий-курорттық емдеуге және балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар сатып алу, оларды есепке алу және беру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 желтоқсандағы N 1624 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 507-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.