Об утверждении Порядка выделения официальных трансфертов (субвенции) нижестоящим бюджетам Күшін жойған
Басқа 0
Төменгi бюджеттерге ресми трансферттер (субвенциялар) бұлу тәртiбiн бекiту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004
№ 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы сәуірдегі № 619 қаулысына сәйкес және «1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1737 қаулысының 3-тармағын орындау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған төменгі бюджеттерге ресми трансферттер (субвенциялар) бөлу тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аталған Тәртіп Қызылорда арнайы экономикалық аймағына да қолданылады деп белгіленсін.
Басқа 3. ТӘРТІБІ
Облыс әкімінің
1997 жылғы 10 маусымдағы
№ 505 шешімімен
бекітілген
Төменгі бюджеттерге ресми трансферттер (субвенциялар) бөлу
ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Осы Тәртіп облыстық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарга бөлінетін ішкі ресми трансферттердің (субвенциялардың) (бұдан әрі-трансферттер) нысанасын, сондай-ақ оларды беру тетігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Объективті себептер бойынша артта қалган аймақтарда әлеуметтік қызмет көрсетудің кепілді ең аз деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ нысаналы жалпымемлекеттік бағдарламаларды аудандық (қалалық) бюджеттерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін трансферттер түріндегі қаржыландыру тетігі қолданылады.
Тармақ 3
3. Төменгі тұрған бюджеттерге облыстық бюджеттен субвенция түрінде берілетін трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың шешімімен, олардың нысанасы – осы Тәртіппен айқындалады.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы облыстық бюджеттің кірістері мен шығыстарының хаттауын жасау кезінде инфляция деңгейін және нысаналы бағдармаларды іске асыру мерзімін ескере отырып, трансферттерді айлар бойынша бөледі.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы облыстық бюджеттің кірістері мен шығыстарының бекітілген хаттауына сәйкес трансферттердің нысанасын айқындайтын басқарма бастығының өкімі бойынша оларды жергілікті бюджеттерге аударады.
Тармақ 6
6. Трансферттер жергілікті бюджеттерге мынадай көрсеткіштердің жай-күйіне байланысты беріледі:
жалпымемлекеттік салықтар мен алымдар жөніндегі жоспарлардың жыл басынан бастап орындалуы;
жергілікті бюджеттерге бекітілген салықтар мен алымдар бойынша жоспардың жыл басынан бастап орындалуы;
өткен айлармен салыстырғанда барлық салықтар мен алымдар бойынша түспеген төлемдердің сомасының өзгеруі және т. б.
Әр аудан бойынша көрсеткіштердің нақтылы тізбесін және тетігін олардың қолдану облыстық қаржы басқармасы экономика және сауда басқармасымен келісе отырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін, сондай-ақ ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді.
Тармақ 7
7. Трансферттер белгіленген тәртіппен секвестрлеуге жатады.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы басқармасы бөлінген трансферт сомаларының мақсатқа сай пайдаланылуына тоқсан сайын талдау жүргізеді және мақсатқа сай пайдаланылмауы фактілері анықталған жағдайда трансферттерді бөлмеуге, қайтарып алуға және оларды анықталған тәртіп бұзушылық сомасының көлемінде жұмсауға тиым салуға құқылы.
Тармақ 9
9. Облыстық қаржы басқармасы ай сайын облыс әкіміне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне аудан бюджеттеріне бөлінген трансферттер көлемі туралы ақпарат беріп отырады.
Тармақ 10
10. Аудан бюджеттеріне трансферттер түрінде белінген бюджет қаражатының максатқа сай және тиімді пайдаланылуына бақылауды қаржы бақылау басқармасы жүзеге асырады.