О признании утратившими силу некоторых решений Кабинета Министров Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Сауда ережелерін бұзғаны және тұтынушылардың құқықтарына қысым жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 ақпандағы № 152 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 5, 63-құжат);
Тармақша 2
2) «Бөлшек сауда кәсіпорындарында алмастыруға жатпайтын азық-түлік емес тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 қыркүйектегі № 960 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 40, 464-құжат);
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасындағы Тәуелсіз тұтыну сараптамасы туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, № 24, 201-құжат).
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.