Об изменении транскрипции в названии улицы Джамбула Қолданыста
Басқа 0
Джамбул көшесінің атауындағы транскрипцияны өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, ономастикалық комиссияның материалдарын қарап, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Джамбул" көшесінің атауындағы транскрипция "Жамбыл" болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы Саран қаласы әкімдігі қаулысының және Саран қалалық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау, заңдылығы, құқық тәртібі және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссияға, Саран қаласы әкімінің орынбасарлары Г.С. Беделбаеваға, М.М. Қожықовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.