Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру туралы» Түркістан қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 1657 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-4-21 тіркелген, 2006 жылдың 14 маусымында қалалық «Түркістан» қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды қала әкімінің орынбасары Ж.Ибрагимовке жүктеймін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.