Бесқарағай ауылының көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Бесқарағай ауылының көшелерінің атауларын өзгерту туралы
“Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14 бабының 4-тармағына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Бесқарағай ауылының көшелерінің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
“Крупская” көшесі “Жолан Дастенов” көшесіне;
“Киров” көшесі “Жамбыл Жабаев” көшесіне;
“Пионерская” көшесі “Қайрат Рысқұлбеков” көшесіне;
“1 Май” көшесі “Тәуелсіздік” көшесіне;
“Комсомольская” көшесі “И.С.Шевцов” көшесіне;
“40 лет Каз ССР” көшесі “Шәкәрім” көшесіне;
“Степная” көшесі “Бауыржан Момышұлы” көшесіне;
“Совхозная” көшесі “Желтоқсан” көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.