Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы Қолданыста
Басқа 0
Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы
Жоғары өрт қаупі бар 4-5 классты кезеңнің басталуына байланысты, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабындағы 1 тармағының 9) тармақшасы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жоғары өрт қаупі бар кезеңде (үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдері және «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының 1 тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс аумағында өртке қарсы атқарылып отырған іс-шаралар жөніндегі ақпаратпен тұрақты түрде ақпарат құралдары өкілдерін қамтамасыз етіп отырсын.
Тармақ 4
4. Осы Қаулы Әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсін.