Шалқар қаласының Ембі тұйық көшесінің атауын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Шалқар қаласының Ембі тұйық көшесінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Републикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы » Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына және Шалқар қаласының Ембі тұйығы көшесінің тұрғындарының конференция хаттамасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шалқар қаласының Ембі тұйық көшесінің атауы Құлетов Ораз Ыбрайұлының атындағы тұйық көше болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.