Жалағаш кентіндегі жекелеген көшелердің атын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалағаш кентіндегі жекелеген көшелердің атын өзгерту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес кент халқының пікірін және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық-кеңесші орган комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 шілдедегі N 4 хаттамасын ескере отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жалағаш кентіндегі:
Тармақша 1
1) Бостандық көшесі Шоңбай ақын атындағы көше болып;
Тармақша 2
2) Менделеев көшесі Ілияс Нүркеновтың атындағы көше болып;
Тармақша 3
3) Парк көшесі Сырмағанбет Отарбаев атындағы көшесі болып қайта атылсын.
Тармақ 2
2. Кент әкімінің орынбасары М.Ибраев осы шешімді іске асыру жөніндегі қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.