Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы
ҚАЗМемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 235
- Қабылданған күні
- 08.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2013 · қолданыстағы AI54238_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10L0004255
- ЭКБ идентификаторы
- 54238
- Редакция идентификаторы
- AI54238_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:50
0 Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 506-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. "Мемлекеттік орман қорындағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы учаскелерде орман пайдалану үшін төлем ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 226 шешімі жойылды деп танылсын.
3 Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының
XXIX сессиясының төрағасы Ж. Кенжебеков
Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы Н. Құдайбергенов
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облыстық орман және аңшылық
шаруашылығы аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ш. Төребаев
2010 жылғы 8 шілде
Қызылорда облыстық мәслихатының
2010 жылғы 08 шілдедегі
N 253 шешіміне қосымша
Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары
N
Атауы
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкасы (теңге)
1. Шөп шабу
1
Шабындық
1 гектар
11,81
2. Мал жаю
1
Ірі қара (түйе)
1 бас
153,53
2
Мүйізді ірі қара, жылқы
1 бас
122,82
3
Майда мал (қой)
1 бас
30,71
4
Майда мал (ешкі)
1 бас
107,47
5
Ірі қара малының жас төлі
1 бас
61,41
3. Ара ұясы мен омарталарды орналастыру
1
Ара ұясын орналастыру
1 ара ұясы
16,87
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары
4. Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттарында ұзақ мерзімге пайдаланғанда
1
Ғылыми-зерттеу және Мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін
1 гектар
8,44
5. Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсатында қысқа мерзімге пайдаланғанда
1
Ғылыми-зерттеу және Мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін
бір адам-күн
Айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 0,1 мөлшерінде
6. Рекреациялық, туристік мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдаланғанда
1
Рекреациялық, туристік мақсаттар үшін
1 гектар
36,17
Ескертпе: төлем ставкалары кемінде 3 жылда бір рет қайта қаралады.