Об утверждении Порядка использования средств резервного фонда акима области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкiмiнiң резервтiк қорының қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 620 қаулысына сәйкес және резервтік қорының қаражатын тиімді және нысаналы пайдалану мақсатында, сондай-ақ пайда болған тосын жағдаяттарды жедел қаржыландыру үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған облыс әкімінің резервтік қорының қаражатын пайдаланудың тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдеріне тиісті жергілікті бюджеттердің резервтік қорының қаражатын пайдаланудың тәртібін әзірлеу және оны бекіту ұсынылсын.