Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылындағы кейбір көшелердің атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылындағы кейбір көшелердің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, 2010 жылғы 17 шілдедегі Қабыршақты ауылдық округі тұрғындарының жалпы жиынының хаттамасын ескеріп ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылындағы төмендегі көшелердің атаулары: Пионер көшесі - "Шакир Сахташев атындағы көше"; Целинный көшесі - "Карим Саттаров атындағы көше" деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М. Дильмухановқа тапсырылсын.