Қызылжар ауылындағы көшелерге атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Қызылжар ауылындағы көшелерге атау беру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14- бабының 4 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 1 ұйғарымына сәйкес және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Қызылжар ауылындағы көшелерге атау беру мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қызылжар ауылындағы бірінші көшеге Берекет Омаров, екінші көшеге Тайыш Нүралиев, үшінші көшеге Темірхан Ерғалиев атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.