Ауыл шаруашылық малдарының сарып (бруцеллез) ауруына шалдығуына байланысты Жайнақ батыр ауылдық округіндегі Жаңалық елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылық малдарының сарып (бруцеллез) ауруына шалдығуына байланысты Жайнақ батыр ауылдық округіндегі Жаңалық елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық ветеринария бөлімінің 2010 жылғы 15 маусымдағы ұсынысын негізге алып Жайнақ батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылық малдарының сарып (бруцеллез) ауруына шалдығуына байланысты Жайнақ батыр ауылдық округіндегі Жаңалық елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Жайнақ батыр ауылдық округінің әкімшілігінің бас маман-ветеринарлық инспекторы Джолдыбаев Айдар Әленұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.