Шаған ауылындағы Заречная көшесінің атауын Шоқан Уәлиханов көшесі атауына өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Шаған ауылындағы Заречная көшесінің атауын Шоқан Уәлиханов көшесі атауына өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Кербұлақ аудандық ономастика кеңесінің келісімін және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Қоғалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шаған ауылы Заречная көшесінің атауы Шоқан Уәлиханов атындағы көшесі атауына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Қоғалы ауылдық округінің бас маман – іс жүргізушісі Юсупова Зоя Александровнаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.