О согласовании "Проекта предоставления АО «Кумколь –ЛУКойл» права землепользования земельными участками под нефтепромысел на территории Жездинского района Карагандинской области, находящихся в долгосрочном пользовании Кызылординской области Қолданыста
Басқа 0
«Құмкөл-ЛУКойл» акционерлiк қоғамына мұнай кәсiпшiлiгi үшiн Қарағанды облысы Жездi ауданының аумағындағы Қызылорда облысына ұзақ мерзiмге пайдалануға берiлген жерден жер пайдалану құқығын табыстау жобасын келiсу туралы
Мемлекеттік жер ресурстары ғылыми өндірістік. орталығы жасаған «Құмкөл-ЛУКойл» акционерлік қоғамына мұнай кәсіпшілігі үшін Қарағанды облысы Жезді ауданының аумағындағы Қызылорда облысына ұзақ мерзімге пайдалануга берілген жерден жер пайдалану қүқығын табыстау жобасын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Құмкөл-ЛУКойл» акционерлік қоғамына мұнай кәсіпшілігі үшін Қарағанды облысы Жезді ауданының аумағындағы Қызылорда облысына ұзақ мерзімге пайдалануға берілген жерден жер пайдалану құқығын табыстау жобасы мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының «Қараөзек» жауапкершілігі шектелген шаруашылық серіктестігіне Қарағанды облысы, Жезді ауданы аумағынан ұзақ мерзімге пайдалануға берілген жерден «Құмкөл-ЛУКойл» акционерлік қоғамына шартта көрсетілген барлық талаптарды сақтаған жағдайда барлығы 2303,1 га, оның ішінде 1703,1 га жайылымдық жерді мұнай кәсіпшілігі үшін 24 жылға жалға беруге келісім берілсін.
Тармақ 3
3. «Құмкөл-ЛУКойл» акционерлік қоғамы 1703,1 га ауылшаруашылық алаптарын уақытша алуына байланысты ауылшаруашылық өндірісіне келетін 24,2 млн. теңге залалды Қызылорда облжеркомының арнаулы есеп-шотына аударсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінен осы шешімді бекіту сұралсын.