Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық Кодексінің 422 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Үржар ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың ставкалары белгіленсін:
Тармақша 1
1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматына - 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақша 2
2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматына - 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақша 3
3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерге - 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақша 4
4) ойын жолы үшін - 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақша 5
5) карт үшін - 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақша 6
6) бильярд үстеліне - 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.