Междуреченск ауылдық округінде жаңа бөлінген көшелерге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Междуреченск ауылдық округінде жаңа бөлінген көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Междуреченск ауылдық округінде жаңа көшелерге Қазақстан  Республикасына айрыкша еңбегі сінген және оның тарихына, әдебиетіне елеулі еңбек үлесің қосқан мәдениет қайраткерлерінің төмендегі есімдері берілсін: Междуреченск ауылы бойынша: ұзындығы 450 метр көшеге Ақан сері ұзындығы 450 метр көшеге Нұрғиса Тлендиев ұзындығы 450 метр көшеге Алпамыс батыр Екпінді ауылы бойынша: ұзындығы 700 метр көшеге Новая ұзындығы 300 метр көшеге Мәншүк Маметова ұзындығы 700 метр көшеге Бикен Римова ұзындығы 500 метр көшеге Бұқар жырау ұзындығы 700 метр көшеге Наурызбай батыр ұзындығы 700 метр көшеге Бөлек батыр ұзындығы 700 метр көшеге Қобланды батыр ұзындығы 700 метр көшеге Шоқан Уәлиханов ұзындығы 700 метр көшеге Мұхтар Әуезов ұзындығы 700 метр көшеге Райымбек батыр ұзындығы 700 метр көшеге Ескелді би Жауғашты ауылы бойынша: ұзындығы 450 метр көшеге Жауғашты батыр ұзындығы 450 метр көшеге Бауыржан Момышұлы
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.