Ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді», «Кербұлақ», «Сарыбұлақ» елді мекендеріне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді», «Кербұлақ», «Сарыбұлақ» елді мекендеріне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес, Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді», «Кербұлақ», «Сарыбұлақ» ауылдарындағы ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына жол бермеу жөніндегі Қапшағай қаласының бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 1-18-163 ұсынысы негізінде, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді», «Кербұлақ», «Сарыбұлақ» елді мекендеріне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.