Құжат мәтініне өту

Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы

Қаулы · № 208 · қабылданған 25.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 26.04.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-54455/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 208 ·25.08.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы

ҚАЗРеспубликалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 208 · қабылданған 25.08.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы
Атауы (қаз.)
Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
208
Қабылданған күні
25.08.2010
Көрсетілген редакция
26.04.2012 · қолданыстағы AI54455_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
26.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10MD000109
ЭКБ идентификаторы
54455
Редакция идентификаторы
AI54455_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:29

0 Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы 148-ІІ Заңына, Қарақия аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 23/175 «2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Әділет басқармасына 15.01.2010 жылғы № 11-4-97 болып тіркелген шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 08.02.2010 № 25/187 Әділет басқармасына 16.02.2010 жылғы № 11-4-98 болып тіркелген шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер атағы тағайындалған азаматтардың елімізге сіңірген еңбегін және оларды әлеуметтік қолдау мақсатында тағайындалатын әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі арызы мынадай құжаттармен қоса аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне беріледі:

1 1) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер атағы тағайындалған куәліктің көшірмесі:

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) тұрғындар есебі кітабының көшірмесі;

4 4) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;

5 5) банктегі салымы жөніндегі дербес есеп шотының нөмірі.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларымен және көшірмелерімен беріледі, кейіннен құжаттарының тұпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.

2 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылсын.

3 3. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджетте қаралған қаражат есебінен жүзеге асырылсын.

4 4. Әлеуметтік көмекті төлеу Агенттік келісім бойынша алушылардың тізімі негізінде екінші деңгейдегі Банктер мен «Казпошта» акционерлік қоғамының филиалдары арқылы жүргізілсін.

5 5. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (Ә.Әбдіхалықова) аудандық бюджетте көрсетілген мақсаттарға қаралған қаражатты уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Төлешовке жүктелсін.

7 7. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күн түзбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Аудан әкімінің орынбасары
Б.Төлешов
25 тамыз 2010 ж.
Аппарат басшысының м.а
А.Абилов
25 тамыз 2010 ж.
Мемлекеттік құқықтық бөлімінің
жетекшісі
А.Таубаев
25 тамыз 2010 ж.
Қарақия аудандық экономика және қаржы
бөлімінің бастығы
Ә.Әбідіхалықова
25 тамыз 2010 ж.
Қарақия аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
бастығы
Е.Бегниязов
25 тамыз 2010 ж.