Кентау қаласындағы Сәкен Сейфуллин көшесіндегі скверді Әнуархан Әуелұлы Айменовтың атымен атау туралы Қолданыста
Басқа 0
Кентау қаласындағы Сәкен Сейфуллин көшесіндегі скверді Әнуархан Әуелұлы Айменовтың атымен атау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Кентау қаласындағы Сәкен Сейфуллин көшесіндегі сквер Әнуархан Әуелұлы Айменовтың атымен аталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қала әкімдігінің қаулысы және қалалық мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.