Кентау қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Кентау қаласындағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген мөлтек аудандар жөнінде, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Кентау қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы от 16.08.2010 г. № 243 (Кентау қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы)
1. Кентау қаласындағы мөлтек аудандарға төмендегідей атау берілсін:
Кентау қаласының Батыс бөлігінде орналасқан мөлтек ауданы - "Болашақ" атауымен;
Кентау қаласының Батыс бөлігінде орналасқан мөлтек ауданы - "Шұғыла" атауымен;
Кентау қаласының Оңтүстік Батыс бөлігінде орналасқан мөлтек ауданы - "Жұлдыз" атауымен;
Кентау қаласының Оңтүстік бөлігінде орналасқан мөлтек ауданы - "Қаратау" атауымен;
Кентау қаласының Оңтүстік Батыс бөлігінде орналасқан мөлтек ауданы - "68 мөлтек" атауымен;
Кентау қаласының Оңтүстік Шығыс бөлігінде орналасқан мөлтек ауданы - "Күншығыс" атауымен;
2. Осы бірлескен қала әкімдігінің қаулысы және қалалық мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.