О мерах по поддержке деятельности потребительских кооперативов собственников квартир Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Пәтер иелерінін тұтыну кооперативтерінің қызметін қолдау жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Мемлекеттік тіркеу бұзылды - мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ретінде Қызылорда облыстық Әділет департаментінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 2/3455 НҚА мемлекеттік тіркеуді бұзу туралы қорытындысымен (1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР Заңының 38-бабы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 17 сәуірдегі № 570 «Пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерінін қызметін қолдау жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес және пәтер иелерінің кооперативтерінің табысты дамуына жағдайлар жасау мақсатында ШЕШЕМІН ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудан мен Қызылорда қаласының әкімдері тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстардағы кемшіліктерге назар аударсын.
Тармақ 2
2. Аудан мен Қызылорда қаласынын әкімдері және құрылыс тұрғын үй мен аумақтарда құрылыс салу басқармасының тұрғын үй коммуналды-шаруашылық бөлімі /Ахметов Т./ жиырма күн ішінде жеке пәтер тұтынушы кооперативтеріне тұрған үйлердің инвентарлық іс қағаздарымен қоса үй іші желісінің жобалау сметасы құжаттарын тегін беру шараларын қарастырсын: мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитетімен келісе отырып, 3 ай мерзім ішінде белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үйлердегі мемлекеттік ұйымдардың пайдаланып отырған бөлмелерінен басқа, жекешелендірілмеген тұрғын үй емес үй-жайлар тұтыну кооперативтеріне мүлкін алу құқынсыз берілсін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитет тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайларды жалға алған жалгерлермен жасалған шарттарға жалгерлердің тұрғын үйді күту-ұстау жөніндегі шығының тұтынушы кооперативтерімен бірлесіп өтуі жөнінде шаралар қабылдансын, ал жасасқан шарттар бойынша тиісті толықтырулар енгізсін; тұтыну кооперативтерінің қызметкерлерін орналастыруға қажетті баспананы жалға алу шартындағы белгіленген тарифтік көрсеткіш бойынша бөлінуіне жәрдем көрсетсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ф.Х.Фаткульдиновке жүктелсін.