Түгіскен селолық округінің Түгіскен ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түгіскен селолық округінің Түгіскен ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Түгіскен селолық округінің Түгіскен ауыл тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы жиынында Түгіскен ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі N 1 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Түгіскен селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Түгіскен селолық округіндегі Түгіскен ауылының кейбір көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге Балмағанбет Аймуханов; 2-ші көшеге Ыдырыс Жумабеков; 3-ші көшеге Жанайдар Садуақасов; 4-ші көшеге Аманкелді Дәулетбеков; 5-ші көшеге Сатан Ысқақов; 6-шы көшеге Еркебұлан Мақажанов.
Тармақ 2
2. Түгіскен селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы С. Жалмағанбетова ауылдың көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуде өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.