Ақтасты селолық округінің Ақтасты ауылының көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтасты селолық округінің Ақтасты ауылының көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Ақтасты селолық округінің Ақтасты ауылы тұрғындарының 24 ақпан 2010 жылғы ауылдағы көшелерді ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі жалпы жиналысының N 1 хаттамасына, Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 2 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Ақтасты селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтасты селолық округіндегі Ақтасты ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге – Бейбітшілік; 2-ші көшеге – Достық.
Тармақ 2
2. Ақтасты селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж. Айткеноваға Ақтасты ауылының көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.