Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Жыланды ауылдық округінде белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" N 339-II Заңының 10-1-бабының 7-тармақшасына және Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 24 мамырдағы "Жыланды ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан сарып ауруының туындағанына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" ұсынысына сәйкес, Жыланды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Жыланды ауылдық округінде белгілеу туралы от 19.08.2010 г. № 15 (Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Жыланды ауылдық округінде белгілеу туралы)
0
1
1. Жыланды ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан, сарып ауруының шығуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды округтің бас маманы М. Садуақасовқа жүктелсін.
3
3. Шешім жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.