Түрген селолық округіндегі Түрген селосының Суворов көшесін Тәжметов Дәулеткелді көшесі деп атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түрген селолық округіндегі Түрген селосының Суворов көшесін Тәжметов Дәулеткелді көшесі деп атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармақшасына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің N 3 келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып селолық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген селолық округіндегі Түрген селосының Суворов көшесін Тәжметов Дәулеткелді көшесі деп атауы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.