Сейфуллин селолық округінің Ынтымақ ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Сейфуллин селолық округінің Ынтымақ ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Сейфуллин селолық округінің Ынтымақ ауылы тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы жиынында Ынтымақ ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі N 1 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 29 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Сейфуллин селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Сейфуллин селолық округіндегі Ынтымақ ауылының кейбір көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге "Сәкен Сейфуллин атындағы" көше;
2-ші көшеге "Жеңіс" көшесі;
3-ші көшеге "Иманақ" көшесі;
4-ші көшеге "Саябақ" көшесі;
5-ші көшеге "Бейбітшілік" көшесі;
6-шы көшеге "Нияз батыр" көшесі;
7-ші көшеге "Тәуелсіздік" көшесі.
Тармақ 2
2. Сейфуллин селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы К. Байжікенова ауылдың көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енеді.